Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал каратэ жаттықтырушысы 2 жыл бойы үш шәкіртіне зорлық көрсетіп келген

11:30, 01 сәуір 2025 1365

Хабаров өлкесіндегі каратэ жаттықтырушысы өз шәкірттеріне тиіскені үшін айыпталуда, деп хабарлайды Alash.kz.

SHOT ақпаратына сәйкес, полицияға 33 жастағы Валерий К.-ның бір оқушысының әкесі жүгінген. Оның айтуынша, Советская Гавань қаласындағы «Доджо» мектебінің жаттықтырушысы соңғы екі жыл ішінде көршілес Приморье өлкесінде өткен оқу-жаттығу жиындары кезінде екі сегізінші сынып оқушысы мен тоғызыншы сыныптың бір қызын азғырған.

Қазіргі уақытта жаттықтырушы қамауға алынды, оған қатысты «Азғындық әрекеттер» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер кінәсі дәлелденсе, ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Желі қолданушылары оны «баланың жанын жақсы түсінетін» және кез-келген оқушыға оңай тіл таба алатын бапкер ретінде сипаттаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар