Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жүкті әйелдің мәйітін жертөледен тапқан: Іс туралы сұмдық ақпарат шықты (ВИДЕО)

15:00, 01 сәуір 2025 1368

Жүкті әйелінің денесін жертөледен тапқан отбасы журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Сұхбат барысында марқұм келіншектің ата-анасы мен жұбайы ақ халатты дәрігерлердің кінәсін атап, әділдік қалайтындарын айтты.

25 жасар келіншек жүктілігінің 33 аптасында Шу қалалық ауруханасына түседі. Әдемінің жақындарының айтуынша, ол 9 наурыз әжетханада давлениеден құлайды. Сол күні таңертең құрсақтағы баласын дәрігерлер алып тастайды-мыс. Ал келіншектің өзі  22 наурызға дейін комада жатып, сол күні жан тапсырады. 

Әдемінің ата-анасы дәрігерлер уақытында көмек көрсетпеді деп күйініп отыр. Әжетханада құлаған Әдемі жарты сағаттай қараусыз жатып қалған дейді туыстары. Ең сорақасы марқұмның мәйітін күйеуі белгісіз бір бөлмеден тауып алған…”,- деп жазды журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар