11-сынып оқушысы профессорды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Alash.kz.
Полиция департаментінің баяндауынша, 15 мамыр күні Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессоры Б.У белгісіз жағдайда ауруханаға түскен.
Артынша оны ұрып-соққаны туралы ақпарат тарады. Профессор ауруханаға жеткізіліп, 5 күннен соң көз жұмды.
Тергеушілердің хабарлауынша, профессор мен оқушының арасында біраз уақыт жанжал болған. Күдікті оқушы 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.