Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрылғанына 29 жыл толады. 1995 жылы елдің табиғи және техногендік төтенше жағдайлары мен азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган ретінде жұмысын бастаған комитет бүгінгі күні еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді.
Азаматтық қорғау жүйесінің қалыптасуы мен дамуы барысында қызметкерлер мен құтқарушылардың кәсібилігі мен жеделдігі арқасында 421 мыңнан астам адам құтқарылды, 383 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 72 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.
Құтқарушылар күні — еліміздегі азаматтық қорғау органдарының еңбегін, батылдығын және адалдығын атап өтетін ерекше күн. Бұл күн барша құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге, азаматтық қорғау қызметкерлеріне алғыс білдіріп, олардың ерен еңбегін бағалау мүмкіндігін береді.
Барша құтқарушыларға мықты денсаулық, қажырлы еңбектеріне табыс, қызметтерінде сәттілік тілейміз! Құтқарушылар күні құтты болсын!