Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

449 млн теңге: бюджет ақшасына Алматыдан үй, BMW алған

14:48, 19 наурыз 2025 246

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Еңбек" РММ филиалының бұрынғы басшыларына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды alash.kz.

 

2021-2023 жылдары РММ және оның аймақтық филиалы "бір көзден сатып алу" әдісімен киім және аяқ киім өндірісіне арналған былғары және трикотаж шикізатын жеткізуге 23 келісім шарт жасаған.

"Алайда тауарлар жеткізілмеген, 449 млн теңге бюджет қаражаты ұрланған", - деп жазылған хабарламада.

Ұрланған ақшаны заңдастыру мақсатында күдіктілер кәсіби ақша жылыстатушының қызметін пайдаланған. Ол ақшаны бөліп, өзінің бақылауындағы 4 жеке кәсіпкердің атынан киім және аяқ киім тігуге арналған тауар жеткізу туралы жалған келісімдер жасаған.

Бұл келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 122 млн теңге қаражат қолма қол ақшаға айналған.

Агенттік мәліметінше, қолды болған ақшаға Алматы қаласынан жеке үй мен BMW X6 көлігі сатып алынған, олар сенімді тұлғаларға ресімделген.

"Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды. Күдіктілер 2 айға қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар