Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алты жыл, жүздеген жоба: Қазақстанның экономикалық бағыты қалай өзгерді?

11:09, 19 наурыз 2025 836

Тоқаевтың Президент болғанына – 6 жылЭкономикалық сарапшы Қазақстан басшысының жұмысына қандай баға береді?

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуіне байланысты уақытша президент ретінде қызметке кіріскен болатын әуелде. Ал 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жетіп, ресми түрде мемлекет басшысы болды.


2022 жылдың 20 қарашасында өткен кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жетіп, жеті жылдық жаңа мерзімге қайта сайланды.

Alash.kz тілшісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық бағытта алты жылда атқарған жұмыстарына тоқталып, экономикалық сарапшыдан сұхбат алды.  

Айбар мырза, осы жылдың наурызында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды басқаруға кіріскеніне алты жыл толады. Егер оның президенттік өкілеттігі 10 жылға созылса, демек біз бұл жолдың қақ ортасына келдік. Сондықтан осы уақыт аралығында қандай жетістіктерге жеттік, қазіргі уақытта ауыз толтырып не айта аламыз деген сұрақтарға жауап іздеп көрсек деген едік.

Экономикалық сарапшы ретінде менің болжамым бойынша, 2027 жылдары Қазақстан табысы жоғары елдер тобына қосылуы тиіс. Қазіргі жалпы ішкі өнім 288 миллиард долларды құрайды, ал жан басына шаққандағы ЖІӨ 14 мың доллардан асты. 2019-2024 жылдары өңдеу өнеркәсібі 31,4%-ға, құрылыс секторы 96,3%-ға өсті. Тек 2024 жылдың өзінде өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 1,3 триллион теңге болатын 180 инвестициялық жоба жүзеге асты. Нәтижесінде бұл сала соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, 6%-ға өсті. Алты жылда машина жасау өндірісі үш есе ұлғайып, өнеркәсіптің жылдық орташа өсімі 20,3%-ға жетті.

Қазақстан мұнай-газ химиясы саласында да елеулі жетістіктерге жетті. Біздің ел полимерлер, композиттік материалдар мен химиялық реагенттер өндіріп, осы саладағы негізгі ойыншылар қатарына қосылды. Мысалы, Атыраудағы KPI зауыты полипропиленнің ірі өндірушісіне айналды.

Ауыл шаруашылығын дамытуға да үлкен көңіл бөлінді. Алты жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға 2,5 триллион теңге бөлініп, нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8,3 триллион теңгеге дейін өсті. Бұл салада еңбек өнімділігі екі есеге артты, ал азық-түлік өндірісінің көлемі 2,1 есеге ұлғайды.

Экономика үшін инвестиция мен сыртқы сауда аса маңызды. Тоқаев ел басқарған алты жылда Қазақстанға шетелден қанша қаржы тартылды және сыртқы сауда айналымы қалай өзгерді?

Алты жылда экономикаға 130 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Қазақстан өңдеу өнеркәсібіне тартылғанинвестициялар көлемі бойынша ерекшежетістіктерге жеттібұл сома 72,7 миллиард долларға жетті. Осылайша, Қазақстан БҰҰ мәліметтері бойынша теңізге шыға алмайтын елдерарасында ірі шетелдік инвестициялар алушы ел ретінде екінші орынға шықты.

Соңғы алты жылда сыртқы сауда айналымы 1,5 есеге өсіп, 141,4 миллиард долларды құрады, экспорт көлемі де 61,1 миллиард доллардан 81,6 миллиард долларға жетті. Экспорт құрылымындаөңделген тауарлар үлесі артып келеді. 2018 жылыбұл көрсеткіш 14,6 миллиард доллар болса, өткенжылы 28,8 миллиард долларға жетті. Соныменқатар, шикізаттың экспорттағы үлесі де азайыпкеледі, 2018 жылы 74,5%-ды құраса, қазір ол63,5%-ға төмендеді.

Тоқаев Президент болған алты жылда Қазақстан жалпы ішкі өнімі қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігікезінде Қазақстан экономикасы орта есеппен 18,11 миллиард долларға өсті. 2018 жылы ішкі жалпыөнім 179,3 миллиард долларды құраса, 2024 жылдың соңында бұл көрсеткіш 288 миллиард доллар болды. Егер осы динамиканы сақтасақ, 2029 жылы ішкі жалпы өнім 378,55 миллиард доллардықұрауы мүмкін.

Қазір Қазақстан халқы 20 миллион 286 мың 84 адамды құрайды. Орташа есеппен жыл сайын 380 мың адамға көбейіп отырады. Бұл дегеніміз, 2029 жылы халық саны 22 миллион 180 мың адамғажетеді деп болжауға болады. Бұл жағдай ішкіжалпы өнімнің жан басына шаққандағы көлемі 17,5 мың долларды құрайды дегенді білдіреді. Осылайша, Қазақстан алдағы 10 жылда кем дегендеекі есе қуатты болуға бағыт алған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар