19 наурызға қараған түнде үш дрон Краснодар өлкесіндегі Кавказ станицасында орналасқан энергетикалық инфрақұрылым объектісіне зақым келтірген, деп жазады Alash.KZ.
Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігі хабарлады.
Бұл объект мұнайды теміржол цистерналарынан Каспий құбыр консорциумының халықаралық тасымалдау жүйесіне ауыстыруды қамтамасыз етеді.
Дрондар шабуылдаған мұнай қабылдау пунктінде 1700 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өрт сөндірілуде.