Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Егер "Азаттық" жалған ақпарат таратса...": депутат Мақсат Толықбай "Азаттықтың" жабылатыны туралы ақпаратқа пікір білдірді

19:30, 19 наурыз 2025 664

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай "Азаттық радиосы" жабылады деген ақпаратты өкінішпен қабылдағанын айтты, деп жазады Alash.KZ.

Азаттық радиосы жабылады, АҚШ қаржыландыруды тоқтатады деген ақпаратты оқып отырмыз. Олай бола қалған жағдайда әрине, өкінішті. Сөз еркіндігі, саяси институттардың жаңғыруы, материалдық бейтарап ақпарат тарату жағынан келгенде "Азаттықтың" қашан да бәсі жоғары.
Ақпараттық апталық шолуларын жібермей көрем. Әсіресе, зерттеулері ұнайды. Манас Қайыртайұлы болсын, Нұргүлдің зерттеулері, Дубайдағы пәтерлер болсын, олигархтардың жасырған дүние-мүліктері жөнінде қандай керемет зерттеу материалдарын жасады. Дәлел құжаттарымен берді.
Егер Азаттық сол кезде жалған ақпарат таратса, баяғыда оларды сотқа тартатын еді. Азаттықтан көптеген журналистер түлеп ұшты. Рахат Мамырбек, қазіргі Қасым Аманжолдың мектебін көріп жатқан журналистер. Ол үлкен мектеп


– дейді Мақсат Толықбай Мәжіліс кулуарында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар