Шерзат Полаттың отбасы адвокаттардан бас тартпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz Qonayev.today әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеп.
Марқұмның әпкесі Перизат Нұрымованың айтуынша, адвокаттардан бас тарту туралы шешімді Айтбек ұсынған.
Ол Қаржаубайдың анасына дөрекі сөйлеп, артық кеткен. Осыдан кейін Қаржаубай Айтбекке «Егер келіспесек, қорғаушылармен келісімшартты бұзамын» деп ескерткен.
Шерзаттың әпкесі, керісінше, бұрынғы және қазіргі адвокаттар істі бірлесіп жүргізсе деп отыр.
Сонымен қатар олар Айтым Амангелдінің алдағы істерге араласуын қажет емес деп санайды.