Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

5 жастағы қызының дәрет сындырғанын видеоға түсіреді: 7 баласы бар келіншек имам күйеуінен қорлық көрген

17:41, 22 қазан 2024 1978

 

Түркістан облысында 37 жастағыкеліншек 7 баласымен далада қалғанын жеткізіп, көмек сұрады. Келіншек Stan.kz тілшісіне мән-жайды баяндап берді. 

Гаухар күйеуімен осыған дейін де бірнеше рет араздасып, ажырасуға бекінген. Алайда көпшілік орта мен “мүмкіндік бер” деген адамдардың сөзіне көніп, бұл ойынан айныған. 

“Журналистерге ұратынын айтқаным үшім қысымы одан сайын күшейе түсті. Мені “сотқа беремін” деді. Ол кезде аяғым ауыр болған соң бар ойым аман-есен босанып алу еді. Босанғанымша оның барлық қорлығына шыдадым. “20 миллион теңге төлейсің, 7 жылға қамаласың” деп қорқыта берді. 

Маусым айында босанатын уақытым жақындаған соң үйде отырғанымда есік алдынан түтін шықты. Қарасам, сарайымыз өртеніп жатыр екен. Ол кезде күйеуім базарға кеткен. Ал кейін өрт сөндірушілер жалынның тоқтың тұйықталуынан болғанын айтты. Алайда күйеуім сонда да өртті менен көрді. Осындай жаламен мені қазір үйден қуып отыр”, – деді ол. 

Үйге камера қойды, балалар намаз оқымаса белдікпен ұрады

Келіншек қазір Түркістан қаласындағы зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықта. 

“Басында менің отбасымның барлығы бұл кісіге тұрмысқа шығуыма қарсы болды. Олар оның балағының қысқалығын көріп, бізге сай келмейді деген еді. Алайда мен жақсы кісі деп ойлап, соған қарамастан тұрмысқа шықтым.

Күйеуім бес жыл Араб елінде оқып келгендіктен сол жақтың салттарымен өмір сүреді. Қазақтың салт-дәстүрін мойындамайды. Бүкіл тойларға қарсы. Әйелді үйде қамап ұстайды, еш мүмкіндік бермейді. Әйелге сыртқа шығуға, ақша ұстап жаратуға, туысқандарымен араласуға бәріне тыйым салынған. Тіпті маған қою түсті оранатын киімдер әкелген кездері де болды. Алайда мен оранып жүруге қарсы болдым. Кішкентай қызыма да кейде орамал тақсын деп айтады”, – деп қосты ол. 

Гаухар тіпті күйеуінің үйдің ішіне камера қойғанын да алға тартты. 

“Жарықты, газды, суды өшіріп, дәретхана мен жуынатын бөлмені құлыптап қояды. Үйге камера қойып білгенін істейді. 5 жасар қызының дәретке (гаршокқа) отырғанын камераға түсіріп отырған әкені мұндай құқықтан айырса екен деймін. Балаларды белдікпен, телефон қуаттағышпен, киім ілгішпен ұрады. Оларға көп тыйым салады. Намаз оқымаса, ұрып тастайды. Камераға түсіріп мазақ қылады. Туысқандары тіпті балаларымнан “мамаңмен қаласың ба, әкеңмен қаласың ба” деп сұрайды. Қызымның гаршокта отырғанын камераға түсіріп, күліп қарағаны маған қатты ауыр тиді. Мен енді бұл жерде тұрғым келмейді”, – деп киіді ол. 

11 баланың жәрдемақысын өзі алып отырды

Гаухардың айтуынша, күйеуі 2019 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек пен балалардың жәремақысын алу құқығын еш ескертусіз өз атына аударып алған.

“Осы күнге дейін ақшаны өзі жаратып келеді. Негізі мен оның екінші әйелімін. Бірінші әйелінен 4 баласы бар. Оның да ақшасын өзі алып отыр. Туған кезден бастап, жөргекпұлына дейін бәрін өз атына аударып, өзі алып жүрген. Солардың ақшасына үй салдық. Алайда сол үйді қазір әпкесінің атына жазып қойды”, – деді ол.

Келіншек үй балаларының ақшасына салынса да, қазір өзі олармен бірге далада қалғанын айтып, күйінеді.

“Тамыз айында күйеуім мені үйден қуды. Өзім жаңа босанып келгендіктен полиция шақырып, күтінуім қажет екенін айтып, керісінше күйеуімнің өзіне шық дедім. Сөйтіп ол үндемей інісінің үйіне кетті. Алматыдан әпкесін шақыртып, күтіп екі күннен соң бәрі жабылып мені қуып шықты. Әпкесі мені жұлқылап сыртқа шығарды. Күйеуім соны видеоға түсіріп тұрды. Сосын зорлық-зомбылық жәбірленушілеріне көмектесетін орталыққа жүгіндім”, – деді Гаухар.

Көпбалалы ана қазір өзі тұрып жатқан кризистік орталықтың көп көмек бергенін қоса кетті. Тіпті балаларының жәрдемақысын өзінің атына аударып, заңгер мамандар жәрдемдесіп жатыр екен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар