Қостанайда қос қылмыс жасалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ер адам екі әйелге пышақпен шабуыл жасап, біреуін өлтірген.
“Қылмыс 9 наурыз күні болған. Бұған дейін ер адам мен әйелдер бір-бірімен таныс болған. Олар бірге ішімдік ішкен. Кейін ер адам екі әйелге пышақ жарақатын салған. 44 жастағы әйел қаза тапты, ал 52 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді,” – делінген хабарламада.
Liter.kz басылымы анық-қанығын білді.
“Адам өлтіру және кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 53 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады,” – деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.