Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық жағдай: Түркістанда мүгедек жігітті 6 бала 14 жыл бойы зорлап келген (ВИДЕО)

14:10, 11 наурыз 2025 2788

Тележүргізуші, журналист Руслан Өтепбай Түркістанда болған жантүршігерлік жағдайды баяндады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға Түркістан облысы, Ұшқын ауылында болған. 23 жастағы мүгедек жігітті ауылдың зіңгіттей 6 бірдей жігіті зорлап келген.

Жалғызбасты ана қоғамнан араша сұрайды. Түркістан облысы Ұшқын ауылынан Гүлзада есімді келіншек жаға ұстатарлық жағдаймен хабарласты. Айтуынша оның 23 жастағы мүгедік ұлын ауылдың 6 баласы зорлап келген.

Ең сорақасы зорлады деп күдікке ілінген алты жігіттің үшеуі жәбірленушінің туыстары, ал біреуі кәмелет жасына толмаған 14 жасар бала. 

Күні кеше Ұшқын ауылана барып, жәбірлеунішілер қоса, күдіктілермен де сұхбаттасып қайттым. 

Сұхбаттың толық нұсқасын таяуда youtube арнамнан көре аласыздар!”,- деді ол өз жазбасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар