Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

7 жасар ұлды зорлады деген күдікке ілінген Amanat партиясының экс-мүшесі қамауға алынды

17:12, 21 тамыз 2024 336

Amanat партиясы филиалының бұрынғы басшысы Серікқан Жақыпов 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы "Курсив" тілшісіне Ақсу аудандық сотында айтылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Ол кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінді. БАҚ-та  Жақыповтың ұсталғаны туралы 19 тамызда айтылды.

- Жақыпов әлі де партияның мүшесі, бірақ үкім күшіне енгеннен кейін шығарып тастауға болады, - деді Аманат өкілдері.

Бір қызығы бұдан бұрын AMANAT партиясының аймақтық бөлімшесі Жақыповтың партиядан кеткенін мәлімдеді. Партия өкілдерінің айтуынша, Жақыпов 2024 жылдың 1 тамызында өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш берген. Ол 2024 жылдың 31 наурызында Ақсу аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған. Жақыпов Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында тұрады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үстінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар