77 жасында Назарбаева Светлана Мырзахметқызы өмірден озды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Естеріңізге сала кетсек, Светлана Назарбаева Қайрат Сатыбалдының мен Самат Әбіштің анасы.
Светлана Мырзахметқызы Назарбаева ұстаз болып қызмет еткен. Сондай-ақ "Дәуір" баспасының бас директоры. "Дәуір" мемлекеттік сатып алулар веб-сайтындағы байқауларға үнемі қатысып, осы байқауларда ұдайы жеңіске жетеді. Тек 2022 жылдың өзінде компания 100 миллион теңгеден астам сомаға келісім-шарт жасасқан. Бұл баспаның тұрақты тапсырыс берушілері – Мәдениет министрлігі, "Бөбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Тіл саясаты комитеті. Көбінесе тапсырыс берушілер бәсекелестікті айналып өтіп, тікелей Дәуірге келісімшарт жібереді.