«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Ақтаудағы өкілдіктің белсенділері қазақстандықтардың назарын тағдыр тауқыметімен жалғыз қалған зейнеткерлердің проблемаларына аударуды жөн көрді. Ол үшін қоғам қайраткерлері арнайы қайырымдылық акциясын өткізді.
Қиын жағдайға тап болған қарт адамдарға көмектесу үшінбелсенділер өз қаражаты есебінен азық-түлік сатып алды. Әр қапта ұн, күріш, қарақұмық, сұлы, түйіршіктелген қант, макарон, өсімдік майы, шай, печенье және қажетті заттарбар.
«Біз бұл акция арқылы бей-жай қарамайтынқазақстандықтарға қоғамда бар мәселелерді ұмытпаукеректігін жеткізгіміз келді. Бізде кедейлік шегінен төментұратын жалғыз басты қарттар өте көп. Аға буын өкілдері - біздің азаматтарымыз, қазір біз тұрып жатқан қаланы да олар салған. Сол себепті біз де қолымыздан келгенінше бұлкісілерге көмек беруіміз керек. Біз барлық азық-түліктімұқтаж жандарға жеткіздік», - деді Ақтау қаласындағы«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының өкілдікбасшысы Нұрбол Конжар.
Қоғам белсенділері барғандар арасында 57 жастағы әйеладам мен 86 жастағы жалғыз тұрып жатқан қарт әже бар. Қор өкілдерінің атаулы көмегін 20 адам алды. Олардыңкөбінде мүгедектігі немесе ауыр созылмалы аурулары бар.
«Бірі жақындарынан айырылса, екіншісі ауру салдарынаүйден шыға алмай отыр. Арасында зейнетақысы тым аз жесір әйелдер де бар. Егде жастағы адамдардың көбі қарым-қатынас пен қолдаусыз қалудың оңай еместігін айтады. Бізқиын жағдайда жалғыз қалған адамдарға қол ұшын созуқажет деп санаймыз. Қор қағидаттарының бірі еліміздіңбарлық азаматына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуболып табылады. Кедейлікпен күрес бірінші кезекте тұруыкерек, онымен бірлесе күресуіміз керек», - деді НұрболКонжар.
Белсенділердің пікірінше, аға буын өкілдері үшінматериалдық және моральдық қолдау маңызды.
«Осы адамдарға қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлгенімізабзал. Барлық бей-жай қарамайтын азаматты аға ұрпаққақолдау білдіруге шақырамыз. Мейірімді болайық», - деп, Ақтау белсенділері қазақстандықтарға үндеу тастады.
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры зейнеткерге көмек қолын созды (ВИДЕО)
Көбірек оқу
"Ауылдан адам көшкенмен...". Қазақстанның бірнеше өңіріндегі ауылдардың жойылатыны хабарланды
12:37, 23 қараша 2024 200
"Cпорт саласы жылдан жылға нашарлап барады". "Ақжайық" футболшылары таксимен жан бағып жүр
10:01, 23 қараша 2024 120
Ақтөбеде полицейді Lexus көлігінің капотында сүйреген экс-депутаттың келіні сотталды.
19:32, 22 қараша 2024 206
Енелер келінін сурет арқылы дуалайды: алматылық емші қара магия мен жындар туралы айтты
18:23, 22 қараша 2024 315
Ауыл имамы жындар туралы әңгіме айтып, әйелін жылдар бойы қорқытып ұстаған
15:36, 22 қараша 2024 437
"Қол қоя алмаймын": Димаш Құдайберген Прагада автограф беруден неге бас тартты?
14:18, 22 қараша 2024 3367
"Біз мигранттарға мұқтажбыз". Кремль Ресейдің мигранттарсыз көрген күні қараң екенін мәлімдеді
13:56, 22 қараша 2024 280
Қоғамға пайда әкелетін жоба: Halyk Bank қостанайлық кәсіпкерге балалар клубын ашуға көмектесті
13:26, 22 қараша 2024 166