Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әкімдік әлем чемпионатында қос бірдей алтын алған 7 дүркін чемпионға құр бокал сыйлады

10:13, 29 тамыз 2024 588

Әлемнің параолимпиададан 7 дүркін чемпионына әкімдік бокал сыйлаған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Зарина Примак тамыздың 16-25 аралығында Молдова елінің Кишинёв қаласында өткен Пара армрестлингтен әлем чемпионатында әйелдер арасында сол қолдан алтын, оң қолдан да алтын алып, жеті дүркін әлем чемпионы атанған.

Caravan.kz мәліметінше, әлемдік додадан жүлделі орынмен оралған чемпионды Абай облысы, Жарма ауданының әкімі арнайы құттықтап, бокал сыйлаған. Аудан әкімдігі құттықтау сәтінен түсірілген фотоны желіге жүктеп, артынша өшіріп үлгерген.

Алтынды ыдыспен бағалаған аудан әкіміне желі қолданушылары ашулы.

”Екі медальды 3500 теңгеге бағалаған ба?”, “Бұл жерде әкімнің миы шектеулі болып тұр”, “Сол бокалдар есеп бойынша қанша миллионға бағаланды екен”, “Жарма әкімі жарымаған екен”, “Үй мен көлікті осындай спортшыларға бермей ме”, “Өте ұят тірлік болыпты”, — деп жазды олар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар