Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алла қарсыластарымның мысын басып, кішкентай қылып көрсетіп қойды". Көпшілік Елдос Сметовтің "уағызын" сынады

10:06, 07 тамыз 2024 2101
Әлеуметтік желіде Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің жас спортшыларға "уағыз-кеңес" айтқан видеосы тарады. Видео ұлттық ақпараттық ортада қызу талқыға түсті. Белгілі ұстаз Өмір Шыныбекұлы спортшының әрекетін сынға алды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
 
- Мен дұғаның қабыл болғанын сезіндім. Мен шыққан кезде қарсыластар көзіме кішкентай болып көрінді. Аналарды (қолыммен) ұстасам, бұрап тастайтындай көрінді. Алла солардың мысын басып қойды. Алла Тағала бізге ана-анамызды бонус ретінде берген. Ата-ана - осы өміріңді дұрыстауға да, ақыретіңді дұрыстауға да Алланың берген бонусы, - деді Елдос Сметов. 
Белгілі ұстаз Өмір Шыныбекұлы спортшының әрекетін сынға алды:
- Елдосжан-ау, құдай берген денсаулықтың арқасында жаттығуларда шелектеп тер төккеніңді де айтсай...
Ізіңді басып келе жатқан палуандар бәрін құдайға артып, тренировканы қояды ғой, мынау сөздеріңнен кейін...
Тіпті анаң күліп жіберді ғой - деп жазды ол.
 
Қалың көпшілік Елдостың пікірін даттап та, қолдап та жатыр: 
"Уағыз айтып молда боп кетпей, спортты жалғастыршы Елдос. Шәкірт тәрбиеле, орталықтар аш. Молдалар онсыз да көп",
 
"Бұндай құпияны айтпағаны дұрыс еді,бекер қылды.
Құпиясын жасыра алмаған,кемеңгерлігін асыра алмайды-деген",
 
"Еңбек пен тәжірибені жоққа шығарғаны дұрыс болмады",
 
"Мына бала тойып алыпты ғой У-ағызға" деп жазды олар.
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар