Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алладан сұраңыз: Бозымбаев келесі жылы су тасқыны болмайтынына уәде бермеді

15:16, 25 маусым 2024 460

"Келесі жылы су тасқынына ел билігі дайын ба?" деген сұрақтың жауабы белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

 

Үкіметтегі брифингте журналист “сіз су тасқынына қарсы күресу, халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Ақордадан (Үкіметке) жіберілгеніңіз рас па?” деп сұраған. Қанат Бозымбаев жымиып, “мұндай сұраққа комментарий беруі қиын” екенін жеткізді.

– Бірақ ең басты мақсат осы болған шығар. Үкіметімізге көмектесіп, тәжірибе жинақтап, тиісті әкімшіліктерге координация жасап, көмек көрсеттім, – дейді ол.

– Мен ондай сөзді айтқан емеспін. Ешқашан олай айта алмаймын. Әріптесімнің (жұмысына) баға бере алмаймын. Бұл менің құзыретіме жатпайды. Провокациялық сұрақтарды маған қоймаңыздар, – деді ол.

“Келесі жылы су тасып, азаматтар үйінен айырылуы мүмкін бе? Солай болса отставкаға кетуге дайынсыз ба?” деп те сұралған.

Бұл сұраққа жауап берген Бозымбаев “отставкаға кетуге қашан да дайын екенін, ал қазір көмектесіп, баспанасыз қалған кісілерді үймен қамтамасыз етеміз деп, бас күш-жігерімізді жіберіп жатырмыз” деді. 

– Осындай апаттардың алдын алатын жүйе жасаймыз деп, тырысып жатырмыз, – деді ол.

“Үкіметтің осы бағыттағы жұмысын үйлестіретін адам ретінде сіз келесі жылы елімізде осындай алапат су тасқыны болмайды деп уәде бере аласыз ба?” деген сұраққа Бозымбаев “оны кім біледі? Алладан сұраңыз” деп жауап берді.

Бозымбаев кейін журналистердің өзіне шүйлікті.

– Егер монолог айтқыларыңыз келсе, айтыңыздар. Тыңдайық. Дұрысырақ сөйлейік. Қандай сұрақ қойсаңыздар – сондай жауап аласыздар. Егер білікті сұрақ қойсаңыздар, дұрыс жауап беремін. “Келесі жылы су тасыса отставкаға кетесіз бе?” деп хайпажорлық сұрақ қойылды. Келесі жылы ауа температурасы қандай болатынын, қанша қар түсетінін кім біледі? Ондай болжамды ешкім айта алмайды. Егер сол кезде үлкен шығын болып, тиісті шара қабылдай алмасам отставкаға дайынмын! Үкіметте көп жұмыс істедім, әр лауазымда еңбек еттім. Тақырып бойынша, сұрақ қойыңыздар, ал хайпажор сұрақтарға тиісінше жауап беремін, – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар