Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы облысында құрылысына 2 млрд теңге жұмсалған мектеп қирап қалды

18:01, 16 қыркүйек 2024 832

Алматы облысының Іле ауданындағы №40 мектеп 7 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген екен. Қазір 3000-ға жуық бала көрші ауылдардағы мектептергде оқуға мәжбүр дейді, Alash.KZ.

Ал әкімдік ғимаратты күрделі жөндеуге қайта 800 миллион теңге бөлмек. Бірақ ата-аналар мұндай шешімге қарсы. Себебі ғимарат сапасыз салынған және балалардың өміріне қауіп төндіреді.

Ал Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, кінәлілер жауапкершілікке тартылып, құрылыс компаниясына қатысты іс қозғалады. Бұл мектептің оқушылары Боралдай кентіндегі №17 және №54 орта мектептерінде білім алатын болыпты. 

Қазіргі уақытта білім ордасын қалпына келтіру және жаңғырту процесі жүріп жатыр дейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар