Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматылық бойжеткен 18-қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсады

10:50, 11 наурыз 2025 830

Алматыда суицид орын алды. Бойжеткен көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан табылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы аулалардың бірінде түсірілген видео тарады. Кадрларда қыздың қар үстінде қозғалыссыз жатқанын көруге болады. БАҚ мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Almaty Life Telegram-арнасында «Комфорт Сити» тұрғын үй кешенінің ауласында түсірілген видео жарияланды.

Постта болжам бойынша 25-35 жас шамасындағы қыздың 18-қабаттан секіргені айтылған. Оқиға таңғы алты шамасында болған.

Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді:

Бұл факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.”

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар