Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Антикор Петропавлда ұсталған депутатқа қатысты түсініктеме берді

09:58, 07 наурыз 2024 459

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Петропавл әкімдігіне қарасты «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылымдары» кәсіпорнының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Павел Булаевтың ұсталауына қатысты мәлімдеме жасады.

Агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукеновтің айтуынша, ұсталған басшы мен оның орынбасарына  қатысты дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Лауазымды тұлғалар 2020-2022 жылдар аралығында жаңбыр су желілерін реконструкциялау, сорғы станцияларын жөндеу және арнайы техниканы жалға беру қызметтерін көрсету бойынша еншілес кәсіпорындармен жалған келісім-шарттар жасау арқылы жалпы сомасы 258 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді», – деді агенттік өкілі Тілеукенов.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынған. Бүгінде тергеу жалғасуда.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында мәслихат депутаты қамауға алынғаны туралы БАҚ беттеріне хабар тараған еді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар