Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақылына көркі сай қазақ қызы. Астаналық оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинады

09:34, 29 маусым 2024 4069

Астанадағы 1-жалпы орта білім беретін Рақымжан Қошқарбаев атындағы Қосшы мектебінің оқушысы Айым Ержанованың да ҰБТ-дан 140 балл жинағаны хабарланды. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы хабарлады. 

Тестілеудегі барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинаған Айым Ержановаға «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуітұлы 5 миллион теңге және iPhone 15 телефонын сыйлады. 

Зерделі талапкердің өзі ұстаздарына алғыс айтып, болашақтағы жоспарларымен де бөлісті:  

«Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі пәндерін талдадым. Осы орайда ата-анама және ұстаздарыма алғыс айтамын. Алла қаласа, Еуразия ұлттық университетінен екі шет тілі мамандығын таңдап отырмын», - дейді Айым.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?