Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда қоқыс жәшігінің жанында намаз оқып отырған мас адам жұртты шулатты (ВИДЕО)

14:17, 30 мамыр 2024 639

Ақтауда қоқыс жәшігінің жанында намаз оқып отырған адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео авторы ішімдік ішіп алған жігіт әртүрлі сылтау айтып, пәтерлердің есігін қағып, қайыр сұрайтынын, кейде есігі ашық тұрғын пәтерлерге кіріп кететінін айтады.

Бұған дейін қолына жайнамаз ұстап алған мас жігіт жетімдер үйінен екенін, жақында қарындасы қайтыс болғанын айтып, соған 48 мың теңге сұрап, 9 шағын аудан тұрғындарын да мазалаған көрінеді. 

Облыстық Полиция департаменті бұл ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 30 тәулікке қамалғанын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар