Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Артын бықсытып жүре беретіндер бар ғой. Ал мен тым-тым тазамын!" - актриса Дариға Бадықова

17:29, 21 тамыз 2024 704

Белгілі актриса Дариға Бадықова оқырмандарымен сыр алысып, олардың қойған бірқатар сұраағына жауап берді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі тазалыққа қатысты әңгіме өрбіткен. Ол бұл тақырыпқа қатысты сұрақ қойған оқырманына кеңінен жауап беріп, ой бөліскен:  

“Бірдеңе айтайын ба? Үйге қонақ шашын жайып келсе, “жинайсың ба?” деп айтамын. Әлі де сондаймын. Үйді шашып, беті басымды бояп, шашты жайып шыға алмаймын. Үй жинамай сыртқа шықпаймын. Артын бықсытып жүре беретіндер бар ғой. Үйде көрінген жерде шаш тарағанда қаным басыма шабады. Үйде шашты жайып жүрмеймін. Тым-тым тазамын”, – деп жауап қатты актриса. 

Сонымен қатар өнер иесі дінге қатысты пікір білдіріп, әлі де оранғандар мен шешінетіндерде шаруасы жоқ екенін атап өтті. 

“Мен бұл тақырыпты қозғасам, быт-шыт болды. Мен дінді жамылған жүлік емеспін. Орамал шешініп, тағып жүргендерде шаруам жоқ. Бір күні суға түсетін киіммен шықса да таңғалмаймын. “Хиджабты шештім, өз өмірім” деп сауал жолдаған оқырманым пікір сұрапты. Хиджабты киген кезде де өз өмірім деген шешім қабылдадыңыз. Бір күні суға түсетін киіммен шығасыз өз өмірім деп”, – деді өнер иесі.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар