Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Асыл қазына. Қарағанды обылысында сақ дәуірінен жеткен ақинақ табылды

09:28, 26 маусым 2024 456

Қарағанды облысы, Талды қорымынан сақ дәуіріне жататын темір қанжар табылды. 5 күннен бері жан-жақты зерттеу жүргізген археологтар осындай тұжырымға келген, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Almaty.tv-дің хабарлауынша, көне қанжар Қарағанды облысы, Шет ауданы,Талды тарихи-археологиялық паркінде табылды. Археологтар «шірімей, пішіні де сол күйі сақталған қарудың иесі де осы жерде жерленуі мүмкін» дейді.

– Сақ дәуіріндегі «акинак» дейді. Темір сол күйі сақталған. Адам жерленген жеріне әлі түскен жоқ. Қазба жұмыстары жасалып жатыр. Табылған қанжар өлкетану музейіне табысталады. Ол туристерге, қала тұрғындарына көрсетіледі, – деді Ескерткіштерді қорғау орталығы директорының орынбасары Жанболат Мәжитов

Сақтардың қаруы – ақинақтан бөлек, қазба жұмысы кезінде қыш құмыра мен өзге де әшекейлер табылған. Ал Қыпшақ дәуіріне жататын қорымнан төрт түліктің сүйегі көп шығыпты.

– Қыпшақ дәуіріне жататын таспен қоршалған аумақты қазып жатырмыз. Қорымдардың салыну ерекшелігі қыпшақ кезеңінің дәстүр-танымына сай келеді. Мал шаруашылығымен айналысқан. Ұсақ мал, жылқы сүйегі көп табылып жатыр, – деді «Сарыарқа» археологиялық институтының директоры Алексей Кукушкин.

Еске сала кетейік, Талды кешенінен 2016 жылы археологтар сатылы «Сарыарқа пирамидасын» ашты. Кейіннен зерттеу нәтижесінде экспедиция мүшелері бұл аумақтан Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын қала орнын, қос ат пен қыш ыдыстар қоса жерленген көне қорымды анықтады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар