Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әскерде мылтық, балаға мектеп жетіспейтін уақытта ақшаны ойынға құрту қандай дарақылық! - Ахметбек НҰРСИЛА

11:19, 12 қыркүйек 2024 415

Жеке кәсіпкер, қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила қазақ билігіне ренішін жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол  “көшпенділер ойынын” қыруар ақшаға ұйымдастырған билікке өкпесін айтты.

Бұл туралы ойын ол facebook парақшасында жазды.

Жылтылдайды к@тенің, ойын сенің не теңің!  Апам марқұм шаруаны ұмытып, ойынға айналып кеткенде "Ойының осылсын" деп ұрсушы еді! Әскерінде атылатын мылтығы жоқ, бала оқитын мектебі жетіспейтін мемлекет Халықтың қаншама миллиард ақшасын өндіріске, ауыл шараушылығына, мектеп салуға емес ОЙЫН ОЙНАУҒА шашуы қандай дарақылық!!!”,- деді ол.

Той болса, тон киелік, жүр, баралық,
Бірімізді біріміз аударалық.
Ат арықтар, тон тозар, қадір кетер,
Күлкіні онша күйлеп, шуламалық.

Уайым – ер қорғаны, есі барлық,
Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.
«Еһе-еһеге» елірме, бозбалалар,
Бұл бес күндік бір майдан ер сынарлық.

Салынба, қылсаң дағы сан құмарлық,
Алдыңда уайым көп шошынарлық:
Жарлылық, жалынышты жалтаң көздік,
Сүйкімі, икемі жоқ шалдуарлық.

Әсем салдық өлгенше кім қыларлық,
Оған да мезгіл болар тоқталарлық.
Ұрлық қылар, тентіреп тамақ асырар,
Болмаған соң жұмыс қып мал табарлық.

(Абай Құнанбаевтың өлеңі)

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар