Өткенде Астанада бір апта болып келдім. Қала әдемі болғанымен ана тіліміз есігінен кіре алмай далада қалған екен. Қайда барсам да естіген сөзім “здрасте”, оны айтып өзінше сәлем салып тұрғандар да өзім сияқты қазақтың қара ұл-қыздары… Мен 20 жылдан бері мұнай-газ саласында, ал соңғы бес жылдан астамында шетелде жұмыстамын. Айтпағым, осы аралықта қаншама ұлтпен бірге жұмыс жасадым, БІРДЕ-БІРІ ӨЗАРА ӨЗГЕ ТІЛДЕ СӨЙЛЕСПЕЙДІ!Тек қана бізде солай. Кез келген мекемеге кірсең өзге тілде шүлдірлегендер. Бәлкім өздерінше білімді, заманауи болып көрінгілері келетін шығар. Құдды бір қазақша сөйлесе олай көрінбей қалатындай, ол жерге сай болмай қалатындай. Беттеріне қарап тұрып қарағым олай болса менің екі дипломым және MBA дәрежем бар, үш шет тілін білем, миллиардтан астам халқы бар Қытайдың ең үлкен ұлттық мұнай корпорациясында жұмыс жасаймын, және сенің қазақ бола тұра қазақша сөйлемеуің маған нағыз надандықтың белгісі болып көрінеді деп айтқым келеді. Уақытым болса кейде айтып та кетемін. Түсінген түсінеді, түсінбегендер какая разница деп қуады. Ресейге көшіп кетіңдершиш онда какая разница болса.Сөздің шыны керек, егер орысша сөйлейтін болсам солардың көбін он орап алатындай деңгейім бар, бірақ болмайды, қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек, басқа жол жоқ. Әй, Астана-бас қала. Не болды соншама өз тіліңді менсінбейтіндей?.. - деді ол.
"Астаналықтардың қазақ бола тұра қазақша сөйлемеуі - нағыз надандықтың белгісі". Инженер Арман Рахмет
Көбірек оқу
13:36, 31 тамыз 2024 0
18:38, 31 тамыз 2024 0
“Мен көп адамға ренжідім”. Министр Саясат Нұрбектің қазақстандықтарға өкпесі қара қазандай
16:11, 23 қараша 2024 60
«Жақсы сөз жанымызды байытады тек...». «Алғыс» әнін орындаған Қарақаттың шәкірттері ел алғысына бөленді
14:10, 23 қараша 2024 104
"Ауылдан адам көшкенмен...". Қазақстанның бірнеше өңіріндегі ауылдардың жойылатыны хабарланды
12:37, 23 қараша 2024 261
"Cпорт саласы жылдан жылға нашарлап барады". "Ақжайық" футболшылары таксимен жан бағып жүр
10:01, 23 қараша 2024 127
Ақтөбеде полицейді Lexus көлігінің капотында сүйреген экс-депутаттың келіні сотталды.
19:32, 22 қараша 2024 214
Енелер келінін сурет арқылы дуалайды: алматылық емші қара магия мен жындар туралы айтты
18:23, 22 қараша 2024 321
Ауыл имамы жындар туралы әңгіме айтып, әйелін жылдар бойы қорқытып ұстаған
15:36, 22 қараша 2024 450
"Қол қоя алмаймын": Димаш Құдайберген Прагада автограф беруден неге бас тартты?
14:18, 22 қараша 2024 3386
"Біз мигранттарға мұқтажбыз". Кремль Ресейдің мигранттарсыз көрген күні қараң екенін мәлімдеді
13:56, 22 қараша 2024 282