Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды

16:25, 07 сәуір 2024 411
Атырау облысының аумағында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
"Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімге Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов бүгін, 2024 жылғы 7 сәуірде қол қойды", делінген Атырау облысының жедел штабы таратқан хабарламада.

Кеше, 6 сәуірде,Атырауға жұмыс сапарымен барған вице-премьер Қанат Бозымбаев жедел штабтың отырысын өткізіп, қалада ТЖ режимі жарияланатынын мәлімдеген еді. 

Бозымбаев мұны Ресейдегі су тасқыны және Атырау облысындағы су тасқынымен күрес іс-шаралары барысында Жайық өзеніндегі су бөгеттерін нығайту қажеттігімен байланысты қабылданғанын айтты. Қарқынды судың Атырауға жетуіне 20 шақты күн қалғанын жеткізді. 

 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар