Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Аудандық прокуратура қызметкері де бар": Тоғыз адам зорлаған қыздың ісі бұрмалануда

13:26, 14 қараша 2024 306

Өзбекстанда сегізінші сынып оқушысын ұрлап, топ болып зорлау оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Liter.kz және Gazeta.uz ақпараттық порталдарының мәліметінше, оқиға Самарқанд облысының Қошрабат ауданында 23 қыркүйекте болған, ал қыз 6 қазанда табылған. Оны тапқаннан кейін, денесінде зорлық-зомбылық іздері анықталыпты.

Зардап шегуші қыз өз мәлімдемесінде қамауда болған кезінде ұрып-соққанын, алкоголь мен тыйым салынған заттарды ішуге мәжбүрлегенін, еркінен тыс мәжбүрлеп ұстап, зорлағанын айтты.

Nemolchi.uz жобасының ақпаратына сәйкес, тергеушілер істі жауып тастауға тырысып, қыздың отбасына қысым көрсеткен.

Өзбекстанның Бас прокуратурасы тоғыз адамды айыптауда, олардың сегізі қамауға алынған.

Күдіктілердің қатарында Қошрабат аудандық прокуратурасының қызметкерінің де бар екені анықталды. Ол 30 қазанда қызметінен босатылған.

Істі Иштыхан аудандық прокуратурасы қарауда және ауыр қылмыс туралы баппен іс қозғалды.

Қазіргі кезде бір күдіктіні ұстау шаралары жалғасуда, ал тергеу барысы Өзбекстанның Бас прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар