Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ауыл тұрғынын ұрған". "Ұрда-жық" ауыл әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталды

09:32, 23 шілде 2024 366

Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылдық округінің әкіміне қатысты қызметтік тергеу жұмыстары басталды. Ақпаратқа сәйкес, әкімге ауыл тұрғынына қарсы күш қолданып, мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін бұзды деген айып тағылған,деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Azattyq Rýhy порталы бұл оқиға туралы жазды. Алматы облыстық әкімдігінің хабарлауынша, ауыл әкімі мен тұрғын арасында жер учаскесіне байланысты жанжал туындап, оқиға одан әріге ширыға түскен.

«Тұрғындардың бірі бекітілген ауылдық округтің Бас жоспарына қатысты наразылығын білдірген. Оның жер учаскесі қызыл сызықпен өтетіні белгілі болған. Осыған байланысты тұрғын мен ауылдық округ әкімінің арасында жанжал шыққан. Қазір Тұздыбастау ауылдық округінің әкіміне қатысты Талғар ауданының әкімдігі мен Талғар ауданының полиция басқармасы тарапынан қызметтік тергеу жүргізуде. Әкімнің кінәсі расталған жағдайда оның жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралады», - делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жоғарыда аталған тұрғын 23 шілдеде аудан әкімі аппараты басшысының қабылдауына барады. 

«Тұздыбастау ауылдық округінің әкімдігі тұрғындардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша жұмысты әрі қарай жалғастырып жатыр. Барлық мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын орындауға шақырамыз»,- деп хабарлады әкмідіктен.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар