Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина "Қайтадан тұрмысқа шығып жатқанын" айтты

10:23, 21 тамыз 2024 837

Елге белгілі әншілер, қазақтан шыққан өнерлі жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина  күміс тойын тойлап жатыр, деп хабарлайды  Alash.KZ ұлттық порталы. 

Танымал өнер жұбы 1999 жылы шаңырақ құрған. Отбасылы болғанына биыл 25 жыл болған. 20 тамыз - екеуінің шаңырақ көтерген күні. Эстрада жұлдыздары бұл атаулы күнді дүркіретіп тойлады. 

"Қайтадан тұрмысқа шығып жатырмын. 20 тамыз - Қыдекең екеуіміз үйленген күн. Құттықтап жатқан жандарға алғысымыз шексіз", -деп жазды Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Күміс тойдың өзін ерекшелеп, Қыдырәлі мен Қарақат жас жұбайлар сияқты ортаға шыққан. Олар көп ортасына қошеметпен кіріп, қайтадан неке қию рәсімін жасаған. 

"Жар-жар деп кіріп келген жас жұбайлардың сәлемін қабыл алыңыздар! Салтанатты неке қию рәсімі! Қуанышымызға ортақтасып ақ тілегін арнап жазып жатқан жақсы адамдарымызға алғыс", - деп жазды әнші. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар