Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Белгілі ақын Мейірхан Ақдәулет "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" атанды

11:39, 17 шілде 2024 996
Қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтерген қарымды қаламгер, публицист, қоғам қайраткері ретінде қалың оқырманға танымал Мейірхан Ақдәулет Ақтөбе қаласының құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Жырларымен төл поэзиямызды байытып, халқына ұлттық сананың ұйытқысына айналған шығармалар ұсынған Мейірхан Ақдәулет "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" атанды. Бұл жайлы ақынның қызы Еңлік Ақдәулет өзінің әлеуметтік парақшасында жазды:
Кеше әкем "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" атанды.
Ести сала сүйіншілеп фейсбукке жазайын дедім де, ол ойымнан қайтып қалдым.
"Жетпіс үшке келген әкеме осы уақытқа дейін сонда талай жыл тұрып, еңбек еткен қаланың құрметті азаматын бермегені ме?" - деген ой келді де, айнып қалдым.
Кеше әкеме "Алаш" сыйлығын бергенде де "Жұрттың бәрі алып біткен "Алашты" Мәкеңе енді беріп жатыр ма?" деген сұраққа не деп жауап жазарымды білмей қалғам.
 
Жастайымнан әкемнің кітапханасындағы сөре-сөре кітапты ақтарып, талай ақынның өлеңін оқып өстім, талайын үйде, қонақта көрдік.
 
Әкем жастау кезінде қазір жұрт қадір тұтатын талай ақынның дастархан басында отырып өлең оқығанын көрдім. Арасында шабыттан ба, әлде шайдың қызуымен бе, табуреткаға шығып, қолын Ленин атадай сермеп тұрып, күшеніп өлең оқитындар да болды.
 
Бір әйгілі айтыскер ақынның есік алдында тұрған бәтеңкесін тазартып қояйын деп, аяқ киімі жыртылып, "қарны ашқанын" көріп, ішіне бір жапырақ қағазға өлең жазып, оны көрген ақын ағам таңертең жауап жазып, қым-қиғаш қағазбен айтысқан кезім де болды.
 
Сол ақындардың бәрін сыйлаймын, мойындаймын, бірақ кім не десе де, тура менің папама ешкім де тең келмейді деп сенемін.
 
Мың ақының бір төбе де, менің тым "скромный" әкем бір төбе. Өлеңін аласыз ба, көсемсөзін аласыз ба, бәрі де жұрттан ерек. Сондықтан, мәмләкәттік сыйлықты тарататын "көкелерге" айтып қойыңыздаршы, арасында сонау алыс Ақтөбеде тұратын, ештеңемен шатағы жоқ, еш шуға, науқанға араласпайтын менің гениальный әкемді де ескере жүрсін. Лайық қой? - деп жазды автор. 
Орайы келгенде айта кетейік, Мейірхан Ақдәулет – танымал ақын, «Бейуақтағы мінәжат», «Жалғыз досым – жүрегім», «Бастау», «Шырақ-ғұмыр», «Дәруішнама» жыр жинақтарының авторы. 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар