Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Біз орыстармен біргеміз: Қырғыз халқы Ресейге көмек жіберді

14:53, 17 қыркүйек 2024 579

Қырғызстанның қайырымды жандары Ресейдің Курск облысына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

“Орыстармен біргеміз!” деп ұрандатқан белсенді топ алғашқы көмектің жіберілгенін мәлім етті.

“Ассалаумағалейкум! Біз қырғыз диаспорының кеңесшілері Курск облысына гуманитарлық көмек жіберіп жатырмыз. Осыған атсалысып жатқан белсенділер мен жеке кәсіпкерлерге көп рақмет! Біз қырғыз халқының атынан Ресейге көмек қолын созып жатқанын айтқымыз келеді. Біз ол жақта жай ғана мигрант емеспіз, біз орыстармен біргеміз. Оларға қиын-қыстау кезде демеу боламыз. Міне, бірінші гуманитарлық көмекті жөнелткелі жатырмыз”, - дейді кеңесші.

Олар осыған ұқсас көмек алдағы уақытта жалғасын табатынын жеткізді. 

“Бұйырса, елде тыныштық болсын! Қырғызстан халқы Ресеймен бірге!”, - дейді олар.

Ал аталмыш видеоның астына қырғыздарды қаралаған пікірлер толастап жазылған.

“Қырғыздар не істеп жатсыңдар! Сендерден сақтану керек болды ғой!”, “Оларды Ресей қудалап, ар-намыстарына тиіп жатыр. Ал бұлардың әрекеті - мынау! Не дейміз, жарайсыңдар!”, “Қырғыздардан осындай қошемет қажет емес еді. Одан да Украинаға көмек қолын созбай ма?” деген пікірлер жазылған.

Қырғыз халқы ресейліктердің үнемі жанынан табылуға тырысады. Мәселен, бұған дейін Орынбор облысына су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 350 тонна гуманитарлық көмек жіберген еді.

“Ресей мен Қырғызстанның төтенше қызметтерінің ынтымақтастығы әрдайым достық қарым-қатынаста дамып келеді. Халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау бойынша бірлескен жұмысымызда өзара қолдау мен көмек көрсету маңызды орын алады”, - деп атап өтті Ресей ТЖМ басшысы Александр Куренков.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар