Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бұзақылық” бабы бойынша сотталып, түрмеде дерті асқынып қаза тапқан тұрғынды сот кінәлі деп тапты

18:19, 06 маусым 2024 484

Шымкент соты абақтыда ауырып,қайтыс болған тұрғынға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Сот марқұм Бейбарыс Сүлейменді "Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру", "Бұзақылық", "Өзінше билік ету" баптары бойынша айыпты деп таныды. 

Айыпталушының қайтыс болуына байланысты сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Марқұмның туыстары сот үкіміне келіспейді.

Сүлейменмен бірге қамауға алынған бес адам үшеуі шартты жаза алды, сот қалған екі адамды бас еркіндігінен айыруға үкім етті.

Ата-анасы тергеу органдарын Бейбарысты "азаптады, уақытылы дәрі бермеді" деп кінәлаған. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті тұтқынды азаптау туралы айыптарды жоққа шығарған.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар