Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Думан Мұхаммедкәрім аштық жариялады

12:59, 12 тамыз 2024 418

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрім аштық жариялады,деп хабарлады Alash.Kz.

Бұл жөнінде оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады

– Кеше (11 тамыз) кешкі сағат 6-да [аштықты] бастады. Қазір оған телефонға звондау мүмкіндігін бермей жатыр. Басқалардың бәріне рұқсат беріп, тек Думан қоңырау шала алмай отыр. Сондықтан ол не телефон берсін, не өзін Алматыға ауыстыруды талап етіп отыр. Думанды не Семейге не Павлодарға ауыстыруы мүмкін екен. Үкім күшіне енгеннен кейін оны бірден әкетуге тырысады. Дүйсенбі күні апелляциялық шағым жаза бастаймыз. Апелляциялық шағымды адвокаттардың барлығы жазады деп келістік, себебі бізге оның саны керек, - деді Ғалым Нұрпейісов Азаттыққа.
 
Азаттық әзірге Талдықорғандағы тергеу изоляторына хабарласа алмады

“Экстремизмді қаржыландырды” және “тыйым салынған ұйымның ісіне араласты” деп айыпталған Думан Мұхаммедкәрімді сот жеті жылға бас бостандығынан айырған. Журналист пен жақтастары істің саясиланғанын айтқан. Құқық қорғаушылар Думан Мұхаммедкәрімді “саяси тұтқын” деп таныған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар