Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дұрыс па, бұрыс па, оны халық өзі біледі: Роза Рымбаева Меруерт Түсіпбаева туралы баяндады

09:56, 19 қыркүйек 2024 445

Әнші, халық әртісі Роза Қуанышқызы Меруерт Түсіпбаева туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Роза Рымбаева бұл туралы «Иірім» бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

«Меруертті біздің көрермен әнші ретінде, кино-театр актрисасы ретінде жақсы біледі. Біз Меруерт екеуміз бір факультетте оқығанбыз. Біздің ұстазымыз, мектебіміз бір- Рәхилам Әбдірахманқызы Машурова. Ол менен кейінгі курста бітірді. Одан кейін жасөспірімдер театрында көп жыл актриса болып еңбек етті. Кейінгі кезде кинодан да көріп жүрсіздер, эстрадада көріп жүресіздер. Жалпы мен оны мықты қыздардың бірі деп санаймын, себебі жалғыз өзі баласын өсіріп, оны шетелде оқытып, жақсы дайындап жатыр. Ана болғаннан кейін ең бірінші парыз– сол баланы жеткізу, жағдайын жасау. Сондықтан «балам, балам» деп арасында шетелде тұрып келеді. Баласының өсіп жатқанына, оқуды жақсы бітіргеніне қуанып, бізге айтып жүреді. Біз де қуанамыз, біз де анамыз ғой», – деді ол.

Оның қайсарлығын айтып, кейде өзі де таңқалатынын айтты.

«Келіспей қалған дүниелерді ашық айтып тұрады. Ол жағынан белсенді, мен ол жағынан белсенді емеспін. Шындықты да біреу айту керек, халыққа жеткізу керек. Дұрыс па, бұрыс па, оны халық өзі біледі. Біз қазақ қыздары ұяңдау келеміз, «ұят-ау», «айтпай-ақ қояйыншы», «оны айтатын адамдар бар ғой» дейміз. Ал Меруерт оған тікелей шын жүрегімен араласады. Себебі адами позициясы, адами қасиеті үндемей тұра алмайды. Ол өзіне қатысты көп проблеманы да халыққа ашық айтады», – деді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар