Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екі ай бұрын газ жарылысынан ауыр жарақат алған жасөспірім қайтыс болды

09:23, 11 наурыз 2025 773

Талдықорғанда екі ай бұрын газ жарылысынан ауыр күйік алған Асан Жүкенов қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Талдықорғанда екі ай бұрын газ жарылысынан ауыр күйік алған Асан Жүкенов қайтыс болды.

Оның ата-анасы, Ерлан мен Дания Бекпаевтар, сол өртте көз жұмған еді. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, жас жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қайғылы оқиғадан бері Асан өмір үшін күресті. Алайда Талдықорғанда арнайы күйік орталығының болмауы емдеуді қиындатты. Алғашында ол көпсалалы ауруханада жатты, бірақ жағдайы нашарлаған соң, Алматыдағы күйік орталығына ауыстырылды. Өкінішке қарай, сондағы дәрігерлер де оны құтқара алмады.

Тергеу тығырыққа тірелді

“Шенеуніктер үнсіз, газ компаниялары кінәсін мойындамайды, ал өрт сөндірушілер әлі күнге дейін газдың қайдан шыққанын түсіндірмеді”, – деп жазды Талдықорғандық журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram парақшасында.

Асанның ағасы Ернұр Жүкенов те тергеудің ашықтығына күмән келтіреді. Оның айтуынша, мешітке газ құбырын тарту кезінде өрескел заңбұзушылықтар болған.

“Мешітке газ құбырын тартқанда үлкен қателіктер жіберілді – біз оны өз көзімізбен көрдік. Ол кезде көшемізде не асфальт, не электр бағандары, не су құбыры болған жоқ. Бұлардың бәрін кейін тартты. Мүмкін, жұмыс барысында біреу газ құбырын зақымдаған шығар?” – деді Ернұр Жүкенов.

Қайтыс болғандардың туыстары газ қызметі мен жергілікті билік оқиғаның мән-жайын жасырып отыр деп санайды. Бірақ тергеу әлі күнге дейін басты сұраққа жауап берген жоқ: газдың қай жерден ағып, жарылысқа себеп болғаны белгісіз.

Бұған дейін ТЖМ өкілдері жарылысқа табиғи газдың тарауы себеп болғанын алдын ала мәлімдеген еді.

Ведомствоның хабарлауынша, екі негізгі нұсқа қарастырылып жатыр: газдың ағуы үйдің ішінде немесе жер астындағы газ құбыры учаскесінде болуы мүмкін. Қазіргі уақытта мамандар осы нұсқаларды тексеруді жалғастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар