Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Елдің бетіне қалай қарайсыңдар?". Меруерт Түсіпбаева өмірден өткендерді масқаралайтын әншілерді сынады

11:34, 09 қазан 2024 1771

Әнші Меруерт Түсіпбаева өнерде жүрген әріптестеріне ренішін жеткізді. Ол әншілердің өмірден өткен адамдардың бар сырын жайып салатындарға қапаланды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы хабарлады.

«Осы дүниеден өтіп кеткен танымал адамдар туралы, сұхбат беріп, марқұмдардың көрге өзімен алып кеткен құпия-сырларын ақтарып, сөйту керек еді, бүйту керек еді деп, масқаралау – көргенсіздік негізі. Жақында осы тақырыпта бір үзінді көріп қалып, жағамды ұстап едім. Ойладым да қойдым. Мұнысы несі?! Мынау не деп оттап, лағып не айтып?! Бәлкім, ол тірі кезінде сізге сеніп, жан-дүниесін ақтарған болар. Енді? «Өзі жоқтың - көзі жоқ» деп, абыройын төгіп, марқұмның бар сырын, дүйім жұртқа жария ету керек пе?! Құдай-ау, ол танымал адамның өзі кеткенімен, көзі кеткенімен, артында бала-шағасы, ел-жұрты, жекжаты, көрермені қалды емес пе?! Иә, ол марқұм қайтып келіп, өсекшіні сілкілемес, жауапқа тартпас, сотқа бермес, бірақ артында қалған ұрпағы, бұдан кейін қалай өмір сүреді?! Елдің бетіне қалай қарайды?! Неге сонша қатыгез болдыңыздар, адамдар?!», - деп жазған ол.

Еске сала кетейік, кеше сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлының қаза тапты. Turkystan.kz порталы біраз уақыт бұрын ғана танымал әнші Индира Елемес «Астарлы ақиқат» бағдарламасында белгілі сазгер Арман Дүйсеновтің соңғы күндері жайлы ашық айтқанын.

Порталдың жазуынша, әкесінің сыртынан айтылған әңгімелер бозбаланың жанына қатты тигені де, сол жағдайларды көтере алмаған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар