Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Емшіні "әспеттегеннен" кейін әкім орынбасары мен мектеп директоры қызметтен кетті

09:41, 11 қыркүйек 2024 573

Ақпараттық ортада елдің назарын аударған жағдайға қатысты жаңа дерек шықты. Емшіні арнайй шақырып, оны құрметпен, салтанатты түрде қарсы алған мекемеге арнайы тексеріліс жүргізілді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылындағы мектепке арнайы тексеріс жүргізілді. Бұл жайлы Tengrinews.kz жазды.

Тексерісті Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері жүргізді. 

Білім, ақпарат және әлеуметтік даму басқармаларының қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы ауылға арнайы барған.

Тексеру қорытындысы бойынша Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары А.Терлікбаев мен Жамбыл атындағы мектеп директоры Е.Зәкімбаев өз өтініштері бойынша қызметінен босатылған.

Тұрар Рысқұлов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы мен Тереңөзек кентінің әкіміне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Еске салайық, бұған дейін желіде Тереңөзек ауылындағы орта мектепте өткен шарадан сәнді көйлек киіп, тәжге ұқсас бас киім киген әйел бейнеленген видео пайда болды. Оны мектепте кино жұлдызындай қарсы алған: адамдар жолдың екі жағына тізіліп, ал мектеп оқушылары оның көйлегін көтеріп жүрген. Басқа кадрларда сол әйелдің сыныпқа қалай кіргені және оның аяғына раушан гүлдерін тастап жатқаны көрсетілген.

Видеода Томирис патшайымының бейнесін сомдаған Гүлсара Көпбаева көрсетілгені атап өтілді. Ол бір кездері өзі бітірген мектепке қайырымдылық көмек көрсету үшін келген.

Қонақты лайықты қарсы алу үшін ұстаздардан төрт мың теңгеден жинап, тіпті емшінің құрметіне концерт те ұйымдастырылғаны айтылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар