«Балама қоңырау соғып, «көріңді қаза бер» қорқытып жатыр. Бізге көмекке адам керек. Келген әкімдерге де, журналистерге де айтып жатырмын. Көршілер үйіңізге адамдар кірген деп айтып жатыр. Есікті ашып, кірген, аралап жүрген, бірақ ештеңе алмаған дегенді айтты. Көршілер қарауылда отыр. Балалар қорқып, «үйге барайық» деді. Мен «жоқ, баламның қырқы өтсін, мәселені біржақты етіп алайық, қатарласып жатсақ та осы үйде болыңдар» дедім. Рұқсат бермедім. Соның арқасында олар аман қалды.
Енді Шерзат Болаттың әкесін қорқытып жатқандар кімдер?
19:57, 12 қазан 2024
377
Талғарда болған трагедияға байланысты марқұм Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Нұрымова баласы Қаржаубай Нұрымовқа біреулер хабарласып, қоқан-лоққы жасап жатқанын айтты.
Бір көршім «тәте, кеше сағат 5-те жұмысқа кетіп бара жатқанда нөмірсіз екі «Мерседес» көлігі көшені айналып жүрген, сосын кетіп бара жатқан соң сіздерді шошытпайын деп айтпадым деді. Таңертең қайтып келе жатсам, сол көліктер тағы тұр екен. Жоғары органдарға айтпадыңдар ма адам берсін деп» деді. Міне, үй өртенді, балам өлді. Содан кейін ғана есігіміздің алдына патруль көлігін берді. Оған дейін үкіметіміз қимылдауға болатын еді. Менің таңғалатыным, олардың (қылмыс жасаған адамдардың – ред.) үйіне, көшесіне патруль көлігін беріп қойыпты. Бізді шабуылдайды деп. Үкімет солардың сөзін сөйлеп тұрған сияқты», - дейді марқұм Шерзат Болаттың әжесі.
Көбірек оқу
Соңғы жаңалықтар
"1000 бөтелке арақ тәркіленді": Қырғызстанда билікті басып алмақ болғандар ұсталды
18:38, 14 қараша 2024 200
Депутат Нартай Аралбайұлы Мақатаев пен Нәжімеденов өлеңдерінің авторлық құқығын қаншаға сатып алды?
18:16, 14 қараша 2024 275
"Үш сарбаз жабылып соққыға жыққан": Жаркентте әскери бөлімше капитаны көз жұмды
17:24, 14 қараша 2024 426