Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енем мені қабылдамады, тіпті маған айтпай күйеуімді басқа қызға үйлендіріп жіберді - МЕРУЕРТ ТҮСІПБАЕВА

16:42, 17 қыркүйек 2024 669

Әнші Меруерт Түсіпбаева өмірінің өткен қиын кезеңдері туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол бұл туралы “Иірім” бағдарламасында баяндап берді. 

“Студент күнімізде шаңырақ көтердік. Жалпы, енем мені қабылдамады. Жолдасым Шымкент өңірінің жігіті еді. Сол заманда несиеге үй алып, қалада тұрып жатыр едік. Бір күні енем келді де, күйеуімді ауылға алып кетті. Шымкенттегі зауытқа жұмысқа тұрғызып, маған айтпай үйлендіріп жіберген. Өте қиын күндер басталды. Киім болмай, ақша жетпей қолдан киім тоқып киген күндерім де болған. Жатақханада тұрғанда, тосап жауып, ақша тапқан едім. Атүстінде жүрдім. Жақындарыма көмектесу керек болды. Сондай күндер де өтті”, – деді өнер иесі. 

Ұлымен ара-қатынасының бұзылғанын да жасырмады.

“Ұлыма көңіл бөле алмадым. Оның балалық шағын еске түсіргенде ол менің алдымнан жүгіріп шығады. Бірақ мен “Балам, мен асығыспын” деп үйге кіріп кетіп, чемоданымды жинап, қайтадан кетіп қаламын. Уақыт солай өте берген. Бала күтушісі, анам, әпкелерім болды. Оны жалғызсыратпады. Мен ғана болмадым. Сол кезде қате түсінік болыпты. “Балаңа жағдай жасап жатырсың. Сол жеткілікті” деп ойладым. “Бір кем дүние” деген сөз бар ғой. Бүгінде ұлым Жапония мен Австралияға ғана барған жоқ. Барлық мемлекетті көрді. Әрине, сол үшін мен тынбай еңбек еттім. Бірақ баламның балалық шағын көре алмадым. Қатты қиналып жүргенде психологқа барып, жан жарамды емдедім. Ұлыммен қарым-қатынасымыз суып кеткен еді. Соны жақсартуға тырысып, шетелде тұрып келдім. Бір ай жанында болдым. Бала тез есейіп кетеді екен. Қазір бәріне айтарым, балаңа көбірек көңіл бөл”, – деп жылады әнші. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар