Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ғасыр тойы". Үнді миллиардерінің ұлына жасаған 600 миллион долларлық тойы туралы не белгілі?

16:43, 15 шілде 2024 1019
Қазақтың "отыз күн ойын, қырық күн тойын жасапты" деген әңгіме жолда қалды. Үнді байларының тойы бірнеше айдан бері, бірнеше миллиардтаған қаржыға жасалды деп хабарлайды Alash.KZ.
 
Бірнеше айға созылған үнді миллиардері Мукеш Амбанидің ұлының тойына 600 миллион доллар (шамамен 284 миллиард теңге) кеткен. Салтанатты шара наурызда басталып, кеше аяқталды, - деп жазды Massaget.kz.
 

Анант Амбани мен Радхика Мерчанттың тойы - көптеген әлемдік жұлдыздар қатысқан көп күндік шара. Күйеу жігіттің әкесі - Азиядағы ең бай адам, Reliance Industries директоры, миллиардер Мукеш Амбани. Ал анасы Нита Амбани қайырымдылықпен айналысады. 67 жастағы Мукеш ұлына Дубайдағы Пальма Джумейра аралынан 10 жатын бөлмесі бар вилла сыйлады. 80 миллион доллар тұратын бұл вилланың жеке жағажайы бар.

 
Ал қалыңдық фармацевтикалық магнаттар - Вирена Мерчант пен Шейла Мерчанттың қызы.
 

Анант пен Радхика, екеуі де 29 жаста. Олар бала кезден бастап дос. Олардың достық қарым-қатынасы 2017 жылы ортақ жолдастарымен бірге барған сапардан соң романтикаға ұласқан. Олар өз махаббаттары жайлы 2018 жылы оқуларын аяқтағаннан кейін хабарлады. 2023 жылы Анант серігіне Шринатхджи храмында сөз салды.

Олар 2024 жылы наурызда той алдындағы кеш ұйымдастырды. Оған 1200 қонақ қатысқан, оның ішінде Иванка Трамп пен Марк Цукерберг те болды. Ал мамырда бұл жұп 800 адам шақырып, Еуропа бойынша төрт күндік  круизге кетті. 

Ал басты Анант пен Радхиканың негізгі тойы 5 шілдеде Мумбайдағы JIO World конференциялық орталықта болды. Азияның ең бай баласының тойын көруге Ким Кардашьян, Приянка Чопра және басқа да танымал адамдар келді. 8 шілдеде отбасы мүшелері мен достары "халди" кешінде жұпқа бата берді. Кеше 27-қабаттық жекежайда "Мангал Утсав" шарасы өтті. 

Желідегі ақпарат бойынша, бұл тойдағы Джастин Бибердің өнер көрсетуі 10 миллион долларды, ал Рианнаның өнері 6 миллион долларды құраған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар