Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин World Boxing қауымдастығы Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып тағайындалған еді. Осыған байланысты қауымдастық ресми мәлімдеме жасап, Головкиннің мансабына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
World Boxing президенті Борис ван дер Ворст:
«Геннадий – соңғы онжылдықтағы әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі және ол біздің ісімізді қолдайды. World Boxing игілігіне жұмыс істеу үшін өзінің тәжірибесін, білімі мен беделін пайдаланады, бұл біздің ұйымымыз үшін маңызды ынталандыру. Олимпиадада да, кәсіпқой бокста да үлкен жетістіктерге жеткен адам ретінде Геннадий спортты терең түсінеді. Олимпиадалық қозғалысқа қатысуды жалғастыру бокстың әуесқойлықтан кәсіпқойлыққа дейінгі барлық деңгейлерде табысқа жетуі үшін неге соншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Геннадий біздің ұйым үшін үлкен рөл атқаратын болады және мен бокстың олимпиадалық қозғалыстың орталығында қалуын қамтамасыз ету жөніндегі миссиямызды жүзеге асыруда онымен тығыз жұмыс істеуді асыға күтемін», - деді World Boxing президенті.
Айта кету керек, еліміздің ұлттық бокс құрамасы қараша айының соңында ІВА ұйымдастыратын Азия чемпионатына қатысуды көздеп отыр. Енді бұл жарысқа бару мәселесі қайта қаралатын болды.