Жамбыл Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жарылсу ауылындағы жеке тұрғын үйде газ плитасынан газ тарап, ерлі-зайыптылар және олардың екі баласы уланып көз жұмған, деп жазады Alash.KZ.
Марқұмдар - үй иелері 1967 және 1975 жылдары туған ерлі-зайыпты және олардың 2011 және 2019 жылы туған балалары.
Қайғылы оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Cондай-ақ Жамбыл облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қазан күні сағат 07:40 шамасында Жамбыл ауданы, Қызылшарық ауылында жеке тұрғын үйде, алдын ала болжам бойынша, табиғи газбен жанатын пештің сөніп қалуы салдарынан 3 адам газдан уланып қалған.
1963 жылы туған үй иесі мен оның 1988 жылы туған ұлы оқиға орнында көз жұмды, ал 2007 жылы туған немересі ауыр халде ауруханаға жатқызылды.