Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Канада Ресей олигархы Абрамовичтің активтерін кәмпескелеуді бастады

03:10, 20 желтоқсан 2022 260
[ad_1]



Канада Ресей олигархы Роман Абрамовичтің қатысы бар активтерді кәмпескелеу процесін бастады. Абрамовичтің Канадада 26 миллион АҚШ долларына бағаланатын Granite Capital Holdings фирмасы бар. Түскен қаржыны Канада Украинаны қалпына келтіруге жұмсауды және Ресейдің саяси қуғын-сүргініне ұшырағандарға өтемақы ретінде беруді көздеп отыр.


Канаданың сыртқы істер министрі Мелани Жоли Ресейдің Украинадағы соғысынан пайда көріп отырғандар мен Ресей билігіне қысым жалғаса беретінін мәлімдеді. Онымен Канаданың қаржы министрі әрі вице-премьері Христя Фриланд та келіседі. "Путиннің олигархтары Ресейдің Украинаға жасап отырған жабайы әрекетін қолдап отыр. Канада олардың тынығып кететін жері бола алмайды", – деді ол.


Ресей олигархтарының бірі Роман Абрамовичтің байлығын Forbes 6 млрд 900 миллион доллар деп есептейді. Ол 2022 жылдың наурызында санкцияға іліккен. Мұнан өзге Еуропа одағы, Ұлыбритания, Швейцария, Австралия, және Жаңа Зеландияның санкция тізімінде тұр.


Ресей 2014 жылы Қырымды аннексиялап алған соң Канада аннексияға қатысы бар деп есептелетін 2100-ден астам жеке тұлға мен компанияға санкция салған. 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украинаға шабуыл бастаған соң Ресей мен Беларустің тағы да 1500 жеке тұлғасы мен компаниясын қосқан.







[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар