Көкшетау облысында қайғылы оқиға болды. Көпбалалы отбасыдан шыққан әрі кәмелетке толмаған 9 жастағы жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы
Қайғылы жағдай туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі Nayazakokshe хабарлады. Оrda.kz порталы жағдай жайлы ақпарат таратты:
«Көкшетауда тоғыз жасар қыз көз жұмды. Сәбидің асылып қалған денесін оның әкесі бөлмеден тауып алған. Қызымды ауруханаға өзім апардым. Кішкентай үшінші сынып оқушысы қалай аяғының астындағы орындықты құлатып, асылып қалғаны түсініксіз», — делінген парақшада.
Тараған ақпаратқа қатысты Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», — деді полициядағылар.