Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Kolesa.kz пен Kaspi: Енді барлық кәсіп түрлеріне қазақ тілінде қызмет көрсету міндеттеледі - МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ

18:17, 04 қыркүйек 2024 1120

ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай тұтынушылардың құқығын қорғау заңнамасына қатысты қабылданатын бірқатар өзгерістерді баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы депутат өзінің инстаграм парақшасында жария етті.

“Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасының бірінші оқылымы өтті. Сіз бен біз айтып жүрген жақсы бір түзетулер енгізілді. Заң қабылданғаннан кейін, Қазақстан жерінің территориясынан кез-келген кәсіп ашқысы келетін кәсіпкерлерге бірінші кезекте қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндетті болмақ”,- деді ол қуанышты жаңалығымен бөлісіп.

Сондай-ақ депутаттың айтуынша, ең ірі “Kaspi.kz, Kolesa.kz” компанияларына қазақ тілінде қосымша ашуға міндеттеледі.

Заңнамада ұшақтардың кешігу мәселесі де қаралған.

“Екіншіден әуе компанияларына қатысты шағым көп. “Scat, Air Astana, Fly Arystan” компанияларының барлығы кейде жарты күнге дейін кешігіп жатады. Бірақ кімнің билетінің ақшасын толығымен қайтаруда? Бұл жерде де біздің құқығымыз бұзылып жатыр. Оларға да жүктелетін міндет - жауапкершілікті күшейту. Өңірлердің барлығында дерлік жақсы сервис көрсетіліп жатқан жоқ. Жүкті әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға өте үлкен құрмет көрсетілуі керек”,- деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар