Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Күйеу жігіт тойдан бас тартқан 16 жастағы қалыңдығының басын шауып тастаған

09:37, 16 мамыр 2024 443

16 жастағы қалыңдығының басын шауып, аяусыз өлтірген күйеу жігіт ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Мадикери қаласының 32 жастағы тұрғыны Пракаштың отбасы кәмелетке толмаған қыздың отбасымен Сурлабби ауылында өтетін үйлену тойына келіскен. Stan.kz жазуынша, қалыңдықтың жасы 18-ге толмағанын білген құзырлы органдар мен балалар құқығын қорғау комиссиясының өкілдері неке қию рәсіміне рұқсат бермеген.  

Нәтижесінде неке қию рәсімі болмайтын болды. Екі отбасы  бұған келіскенімен, биліктің бұл іске араласуы Пракаштың ашуын туғызды.

Келесі күні ол қыздың үйіне барып, ата-анасын аяусыз соққыға жыққан. Артынша қалыңдығын көшеге сүйреп алып шығып, басын шапқан. Іле-шала оқиға орнынан ізін жасырған. Қазіргі уақытта полиция қылмыскері оны іздеп жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар