Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды

12:45, 20 маусым 2024 346

Нұрлан Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ал Асқар Тәжібаев болса Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елші қызметінен босатылды.

Еске сала кетейік, Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі қызметін 2024 жылдың 16 мамырында тоқтатқан еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар