Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мақпал Жүнісовадан қайраткер бейнесін көргісі келетін адам оңбай қателеседі - АҚЫН

10:47, 10 қыркүйек 2024 650

Ақын Ықылас Ожайұлы Мақпал Жүнісова туралы пікірін желіге жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ақын бұл туралы өзінің facebook парақшасында жариялады.

“Мақпал Жүнісовадан қайраткер, я ибалы нәзік әйел бейнесін көргісі келетін адам оңбай қателеседі. 

Ол бар болғаны кісі кейпіне ұласқан әннің өзі ғана. Оның түйеден түскендей сөйлей салатын, басы бар да аяғы жоқ орашолақ ойы – ескен желдей ерке әншінің ақжелең көңілі мен ішкі табиғатының нышаны. 

Мақпал – ішкі еркіндік пен сана бостандығына шын көтерілген адам. Оның тік шапшыған байтақ дауысы мен әр нотаны сорғалатқан нәзік дірілі сопының хал ішіндегі бейне бір дәргейі дерсің. 

Мақпал сыйлайтын рухани ләззат мінәжат пен катарсиске пар.  Әнді мәтіндік  әм ноталық шеңберден шығарып,  мантра мен экстаз деңгейіне дейін жеткізген мұндай өнерпазды бұрын-соңды еш жерден естіген емеспін. Сол үшін де Мақпалды қазаққа бере салған Құдайға мың мадағымды жаудырамын...”- деп жазды ақын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар